Жиі қойылатын сұрақтар
1. Бұзақылық әрекеттер үшін қандай жаза қолданылады?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабында Вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра обьектілерін, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдірсе, елуден бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 448-бабында кәмелетке толмағандардың бұзақылығы құқық бұзушылық белгілеріне жататын әрекеттерді жасағаны үшін жауаптылығыОн алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлауы –ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін орнату қандай заңмен реттеледі?
Жауап: Ақмола облысында монументалды өнер объектілерін орнату «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VI ҚРЗ Заңы, «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығы нормаларымен реттеледі.
3.Тарих және мәдениет ескерткіштерін орнату бойынша кеңес алу үшін қайдан алуға болады?
Жауап:
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» (Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов көшесі, 23, т. 51-27-75; 51-27-99)
4.Монументтік өнер құрылыстарын орнату тәртібі қандай?
Жауап:
Монументтік өнер құрылыстарын орнату «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VI ҚР Заңының нормаларымен, сондай-ақ «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі No 103 бұйрығымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) жүргізеді.
Монументтік өнер құрылыстарын (бұдан әрі - құрылыс) орнату үшін жергілікті атқарушы органдар монументті өнердің құрылыстарын (бұдан әрі - құрылыс) орнату жөніндегі ұсыныстарын аса көрнекті тұлғаның үлесін және (немесе) тарихи оқиғаның маңыздылығын растайтын құжаттармен қоса тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдайды.
Аса көрнекті тұлғаның үлесі және (немесе) тарихи оқиғаның маңыздылы архивтік құжаттардың көшірмелерімен, деректік, тарихи, анықтамалық энциклопедиялардан, кітаптардан үзінділермен, ғылыми мақалалармен және өзге құжаттармен расталады.
Құрылыстар орнату туралы ұсыныстар мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға қосқан, қаһармандық пен ерлік көрсеткен ерекше жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) тарихи оқиғалар болған күннен бастап бес жылдан ерте қаралмайды.
Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын қарау үшін уәкілетті орган Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды. Төраға болмаған кезеңде оның функцияларын орынбасар атқарады.
Комиссия отырыстары үш айда кем дегенде бір рет өткізіледі. Комиссия шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер, Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға жолданады.
Комиссиямен құрылысты орнату жөніндегі ұсыныстар мақұлданған жағдайда жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға мынадай құжаттарды жолдайды:
1) құрылысты орнатуды қаржыландыру туралы ақпарат қамтылған ілеспе хат;
2) құрылысты орнату үшін жер учаскесін бөлу туралы жергілікті атқарушы органның шешімінің немесе қаулысының көшірмесі;
3) құрылыстың 1:10 масштабтан кем емес кемінде екі жұмыс жобасы;
4) жарықтың төрт бағыты көрсетілген құрылысты орнатудың ситуациялық сызбасы;
5) құрылыстың 1:500 масштабтағы бас жоспарының макеті;
6) құрылыстың сәулеттік-көркемдік, композициялық шешімдерін қысқа сипаттауды қамтитын түсіндірме жазба.
Құрылыстың жұмыс жобасы сапалы шығармашылық орындау, портреттік ұқсастықты ашу және тарихи оқиғаны бейнелеу тұрғысынан қаралады.
Ұсынылған ситуациялық сызба және бас жоспардың макеті негізінде құрылыстың дұрыс орнатылуы айқындалады.
Отырыстың нәтижесінде Комиссия келесі шешімдердің бірін шығарады:
1) құрылыстың жұмыс жобасын мақұлдау;
2) құрылыстың жұмыс жобасын пысықтау.
5.Мемориалдық тақталарды орнату бойынша кеңес алу үшін қайда баруға болады?
Жауап:
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығына» (Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов көшесі, 23, т. 51-27-75; 51-27-99)
6.Ескерткіштің қорғау аймағы дегеніміз не және ол қалай анықталады?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген «Тарих және мәдениет ескерткiшiнiң қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимiн айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 бұйрығымен ескерткіштердің қорғау аймағының шекаралары белгіленді.
Жоғарыда атлағна қағиданың 7 тармағы: Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймағының шекаралары мынадай параметрлермен айқындалады:
1) биіктігі 40 (қырық) метрге дейінгі қала құрылысы және сәулет ескерткіші, монументалды өнер құрылысы, киелі объектілер жерден оның ең жоғары нүктесіне дейінгі қашықтықтың екі шамасына тең күзет аймағымен қоршалады;
2) биіктігі 40 (қырық) метрден қала құрылысы және сәулет ескерткіші, монументалды өнер құрылысы, киелі объектілер жерден оның ең жоғары нүктесіне дейінгі қашықтықтың бір шамасына тең күзет аймағымен қоршалады;
3) археологиялық тарих және мәдениет ескерткішінің, киелі объектілер мәдени қабаттарын табудың шеткі шекарасынан, егер де ескерткіштер тобы кезінде-тарих және мәдениет ескерткіштерінің сыртқы шеткі шекарасынан 40 (қырық) метр қорғау аймағымен қоршалады.
4) ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер тарих және мәдениет ескерткішінің шеткі объектісінің шекарасынан 20 (жиырма) метр күзет аймағымен қоршалады.
7.Қай мекеме жер пайдаланушыға оның игерілген аумағында болуы мүмкін тарихи және мәдени мұра ескерткіштері туралы ақпарат береді?
Жауап:
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығына» (Көкшетау қ., Ә. Баймұқанов көшесі, 23, т. 51-27-75; 51-27-99)
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1 тармағына сәйкес, Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстар жүргізілуге тиіс.Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар тарихи-мәдени мұра объектілері табылған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар бұдан әрі де жұмыс жүргізуді тоқтата тұруға жәнеүш жұмыс күні ішінде бұл туралы Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-не хабарлауға міндетті.
8.Мемориалдық тақтаны орнату тәртібі қандай?
Жауап:
Мемориалдық тақта - аса көрнекті тұлға немесе айшықты оқиға туралы ақпарат қамтылатын, ғимараттар мен құрылысжайлардың қасбеттеріне орнатылатын, мәрмәрдан, граниттен, металдан немесе басқа да материалдардан жасалатын тақтайша.
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 21 тармақшасы, мемориалдық тақталарды орнату қағидалары және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығымен бекітілген 2 тарау мемориалдық тақталарды орнату тәртібіне сәйкес айқындалды.
1.Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін рұқсаттар негізінде орнатылады.
2. Мемориалдық тақталар аса көрнекті тұлға өмір сүрген, қызмет жасаған немесе болған, айрықша оқиға болған ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінде орнатылады.
3. Мемориалдық тақталар аса көрнекті тұлғаның тұру, жұмыс істеу, болу фактісі және ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиға расталған кезде орнатылады.
4. Мемориалдық тақталар екі метрден төмен емес биіктікте орнатылады және 50 х 80 сантиметрден аспайтын көлемде жасалады.
5. Мемориалдық тақтаның мәтіні аса көрнекті тұлға туралы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өмір сүру кезеңі, қызмет саласы, сіңірген еңбегі) мәліметтерді және айрықша оқиға туралы (күні, орны, сипаттама) мәліметтерді, сонымен қатар қажеттілік болған жағдайда тұлғаның портреттік бейнесін және декоративтік элементтерді құрайды.
Құрылған күні: 07.12.2023 14:45
Жаңартылған күні: 07.12.2023 14:48