Сіздерді біздің сайтымызда көргенімізге қуаныштымыз!

Мекеменің негізгі қызметі - археология ескерткіштерінде қорғау-құтқару және барлау жұмысын жүргізу, тарих және мәдениет ескерткіштері мен объектілерінің техникалық жай-күйін тексеру мен мониторингілеу, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы заңнама бұзушылықтарының жолын кесу, Ақмола облысының бай тарихи-мәдени мұрасын насихаттау.

Біздің интернет ресурсымыздан тарихи-мәдени мұра саласында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпаратты таба аласыздар. Сайттың құрылуы тарих және мәдениет объектілері туралы ақпараттың еркін түрде қолжетімді болуына мүмкіндік туғызады деп сенеміз және сіздерді қызықтырады деген ойдамыз.

 

Құрметпен, Ақмола облысы мәдениет
басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау
және пайдалану орталығы»
КММ директоры
Укеев Жасұлан Кәрімұлы