«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңы тұжырымдама мен мазмұнды ашу
Сыбайлас жемқорлық деген не?
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес)игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу(Заңның 1 бабы 6 тармағы).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады (Заңның 5 бабы).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар (Заңның 1 бабы 7 тармағы), сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер (Заңның 1-бабы 8 тармағы).
Осы Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары көрсетілген, заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады (Заңның 4 бабы).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына мыналар жатады:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау үшін өзіне мыналарды қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіледі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі. Оның дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар көздері болып табылады. Оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін (Заңның 7-бабы).
2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу болып табылады және сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы талдауды қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады (мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын құқықтық және өзге де актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау) және оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Ішкі талдауды мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды (Заңның 8-бабы).
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешенімен жүзеге асырылады (БАҚ-та түсіндіру жұмыстары, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ұйымдастыру). Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша жүзеге асыратын қызмет және жеке тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени дамуы мен сыбайлас жемқорлықтан бас тартудың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі болып табылады (Заңның 9 бабы).
4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі және стандарттарды жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері әзірлейді және олар заңнаманы әзірлеу кезінде және құқық қолдану практикасында ескеріледі (Заңның 10 бабы).
5.Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғалар: активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны және кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны: Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) – кандидат ретінде тіркелгенге дейін. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген лауазымды адамдар және олардың жұбайлары табыс етеді. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны немесе кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынбау, мұндай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік меншікке байланысты мүліктік сипаттағы және қаржылық қызметтегі барлық мәмілелер туралы есептерді мемлекеттік мүлікке қатысты меншік иесінің өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсынады (Заңның 11-бабы).
6.Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, оларға теңестірілген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, лауазымды адамдар (бұдан әрі-лауазымды адамдар) өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды (тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері жазбаша нысанда тіркейді), мысалы: а) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру,б) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары)мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу, в) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану, г) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі)үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке)ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау, д) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашужәне иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды (Заңның 12-бабы).
7.Ақпаратты алу кезінде мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымды тұлғалар туындаған қақтығыс туралы тікелей басшыны не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығын жазбаша нысанда хабардар етуг туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға және мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде адамдарды лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттету жолымен уақтылы шаралар қабылдауға, басқа адамға мәселе бойынша лауазымдық міндеттерін атқаруды тапсыруға міндетті. мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін, лауазымдық міндеттерін өзгерту және мүдделер қақтығысын жою жөнінде өзге де шаралар қабылдау міндетті (Заңның 15-бабы).
8.Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларды барынша азайту және жою үшін өз қызметін жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілері шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауында және ашықтығын, адал бәсекелестік қағидаттарын сақтауды, мүдделер қақтығысын болғызбауды, Іскерлік әдеп нормаларын қабылдауды және сақтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Кәсіпкерлік субъектілері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі стандарттарды кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) әзірлеуі және қабылдауы мүмкін (Заңның 16-бабы).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл субъектілеріне: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері-мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады. (Заңның 18-бабы).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери полиция органдары, экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырадырады (Заңның 22-бабы).
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жұртшылықтың белсенді қатысуы (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қолдану практикасын жетілдіру және жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ғылыми және әлеуметтанулық зерттеулермен айналысу, БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру (Заңның 23-бабы).
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-нің маманы Имангалиев С.М.
Құрылған күні: 23.06.2023 8:10
Жаңартылған күні: 23.06.2023 8:15