Бұзақылық әрекеттер үшін қандай жаза қолданылады?
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабында
1. Вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлау – бір жүзден екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық уәждері бойынша жасалған;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) пайдакүнемдік ниетпен;
4) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет –
бес жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүзден алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 448-бабында кәмелетке толмағандардың вандализмі құқық бұзушылық белгілеріне жататын әрекеттерді жасағаны үшін жауаптылығы. Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлауы – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Құрылған күні: 21.12.2023 13:55
Жаңартылған күні: 12.03.2025 20:09