5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күнінің он күндігіне арналған «Тіл-барлық білімнің кілті» атты акция
Тіл қандай ұлтта болмасын әрқашанда қасиетті де құдіретті. Ол әрбір адамға ананың сүтімен дарып, ұлттық болмысымызды, мемлекеттік келбетімізді сақтап қалу үшін қазақ та, басқа ұлт өкілдері де қазақ тілі мен мәдениетінің маңайына шоғырлану керек. Сондықтан тіл адастырмас темірқазық іспеттес. Қазақстан халқы тілдер күніне орай, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 2022 жылдың 7 қыркүйек күні Көкшетау қаласының вокзал алаңында орналасқан «Ананың ақ тілегі» ескерткіші алдында «Тіл-барлық білімнің кілті» атты акция өткізді.
Аталмыш іс-шараға Көкшетау қаласының №21 мектеп -лицейінің орыс сыныптарында оқитын өзге ұлт оқушылары қазақ тілінде өлең оқыды. Сонымен қатар, «Ананың ақ тілегі» ескерткішінің тарихы туралы айтылды, іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан үшін Көкшетау қаласының №21 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нургалиева Макфуза Нурташевна алғыс хатпен марапатталды.
Құрылған күні: 07.09.2022 19:42
Жаңартылған күні: 07.09.2022 19:43
Қаралым саны: 377