«Ата Заңым - айбыным» акциясы
Ата заңымыз еліміздің барлық жетістіктердің бастауы, құқық теңдігі және қазақстандықтарға бірдей мүмкіндіктерді беретін негізгі құжат. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі 2022 жылдың 25 тамыз күні Тәуелсіздік алаңында орналасқан «Тәуелсіздік» стеласында «Ата Заңым - айбыным» атты акция өткізді.
Аталмыш іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептің курсанттары мен Көкшетау қаласының №21 мектеп лицейінің оқушылары қатысты.
Акцияда ҚР Конституцияның тарихы, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептің курсанттары құттықтау сөз сөйлеп және Көкшетау қаласының №21 мектеп лицейінің 5 «А» сынып оқушылары өлең оқыды және «Тәуелсіздік» стеласы туралы ақпараттандырылды.
Құрылған күні: 25.08.2022 14:30
Жаңартылған күні: 25.08.2022 14:30
Қаралым саны: 454