24 тамыз күні Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ақмола облысының тарихи-мәдени және материалдық емес мәдени мұрасын сақтау және танымал ету» тақырыбында брифинг өтті
24 тамыз күні Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ақмола облысының тарихи-мәдени және материалдық емес мәдени мұрасын сақтау және танымал ету» тақырыбында брифинг өтті.
Мәдени мұра өркениетті қоғамның дамуының ең маңызды көрсеткіші болып табылады.
Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және ұқыпты пайдалануға қатысты мемлекеттік реттеу мәселелері Қазақстан Республикасындағы басымдық берілген міндеттердің бірі.
Іс-шара модераторы: Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы.
Іс-шара барысында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Укеев Жаслан Кәрімұлы, ҚР Ұлттық музейі Рухани мұраны ғылыми-зерттеу институтының "Қазақтың дәстүрлі мәдениеті” бөлімінің жетекшісі Маулет Ардаби Ақмола облысының тарихи-мәдени және материалдық емес мәдени мұрасын сақтау тақырыбы төңірегінде сөз қозғап, өз ойларын ортаға салды.
Құрылған күні: 25.08.2022 14:26
Жаңартылған күні: 25.08.2022 14:26
Қаралым саны: 459