Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы 29 қаршадағы №25 археологиялық жұмыс жоспары және «Қазыналық қазба ұлт құндылығы» жобасы негізінде 2022 жылдың 6 маусым-6 шілде аралығында Зеренді ауданының Кенеткөл ауылының маңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ базасында археологиялық экспедиция өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы 29 қаршадағы №25 археологиялық жұмыс жоспары және «Қазыналық қазба ұлт құндылығы» жобасы негізінде 2022 жылдың 6 маусым-6 шілде аралығында Зеренді ауданының Кенеткөл ауылының маңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ базасында археологиялық экспедиция өтті. Жұмыстар біздің дәуірімізге дейінгі 7-8 ғасыр қола дәуіріне жататын қорымдарда жұмыс жүргізілді.
Экспедицияға Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Тарих» мамандығының студенттері, Зеренді ауданы Исаковка ауылының жалпы білім беретін мектебі, Красный Яр ауылының № 1 Краснояр орта мектебі, Сәкен Жүнісов атындағы № 18 орта мектебі, Зеренді ауданы Приречное ауылының жалпы білім беретін мектебі, Зеренді ауданының «Чаглинка негізгі мектебі» КММ, Жақсы ауданының «Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, № 5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясының және «Номад» археологиялық клубының оқушылары қатысты.
Экспедиция барысында қыш ыдыстар, қола моншақтар, ракушка табылды.
Студенттер мен оқушыларды археологиялық объектілермен таныстыру, артефактілерді, тарихи олжаларды іздеу және зерттеу процесіне қатысу мүмкіндігі жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін дамытуға ықпал етеді. Оқушылар қыш ыдыстарды өздері жинап, тазалап, артефактілермен жұмыс жасады.
Құрылған күні: 12.07.2022 10:15
Жаңартылған күні: 12.07.2022 10:15
Қаралым саны: 558