АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ КИЕЛІ ГЕОГРАФИЯСЫ АТТЫ ДӘРІСТЕР
Бүгін, 18 ақпан күні «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы аясында Көкшетау қаласының №21 мектеп-лецейінде «Ақмола облысының киелі географиясы» атты дәріс 7,8,9 қазақ және орыс сыныптарында өтті. Ақмола облысының 11 объектісі жалпыұлттық маңызы бар және 35 аймақтық маңыз бар киелі жерлер тізіміне енді.
Қазақстанның қасиетті орындары мен кешендері» дегеніміз – ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұра және діни сәулеттің айрықша ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ Қазақстан халқының жадында өшпесіз қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар.
Мақсаты – өзіміздің жерімізді, тарихымызды, рухани-мәдени мұрамызды бойымызға сіңіру, жаңа деңгейде танып-білу болып саналады.
Аталмыш қиелі жерлер немесе орындар біртұтас еліміздің ұлттық-рухани тамырынан нәр алатын, жас буынның болашаққа сеніммен қарап, нық қадам басуына, олардың бойына қазақстандық патриотизм мен мемлекетшілдік рух сіңіруге қызмет етпек деген ойдамыз.
Киелі жерлерді насихаттау мақсатында, атылмыш мектеп-лецейіне «Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағының» 1 томын сыйға тартылды.
Құрылған күні: 18.02.2022 15:13
Жаңартылған күні: 18.02.2022 15:14
Қаралым саны: 589