АУҒАНСТАНДА ҚАЗА БОЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАСЫ

АУҒАНСТАНДА ҚАЗА БОЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАСЫ 0 АУҒАНСТАНДА ҚАЗА БОЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАСЫ 1 АУҒАНСТАНДА ҚАЗА БОЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАСЫ 2 АУҒАНСТАНДА ҚАЗА БОЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАСЫ 3 АУҒАНСТАНДА ҚАЗА БОЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАСЫ 4 АУҒАНСТАНДА ҚАЗА БОЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАСЫ 5 АУҒАНСТАНДА ҚАЗА БОЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАСЫ 6 АУҒАНСТАНДА ҚАЗА БОЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА ЕСКЕ АЛУ ІС-ШАРАСЫ 7

Биыл, 15 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай Ақмола облысы Ауған соғысы ардагерлері кеңесі мүшелерінің қатысуымен, Ақмола облысы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімімен бірлескен еске алу іс-шарасы болып өтті.

Іс-шара барысында Ақмола облысы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы – Дуанбай Кәзібайұлы Ыбрай сөз сөйлеп, Ауған соғысының қасыреті жайлы кеңінен тоқталды. Бұл майдан енді есейген бозбалаларға бауырдың жақындығын, жүректің батылдығын, бейбіт күннің қадірін бірден ұғындырды. Әскерлік жасқа іліккен жастар бір-екі ай әзірліктен өтіп, жауға қарсы шықты. Жастық шағының екі жылын Ауған жерінде от пен оқтың арасында өткізген бірнеше Көкшетаулық ардагерлер де қатысып, майдангер достарын еске алды.

Аталмыш іс-шара барысында ескерткіш алдында жас сарбаздар сапқа тұрып, қаламыздың түрлі мекеме ұйымдарының өкілдері өздерінің бірнеше гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Айта кететін болсақ, Ауғаныстан соғысына қатысқан Ақмолалық жауынгерлердің саны 800 ге жуық адам болса, соның ішінде 180 Көкшетаулықтар.

Ер есімі – ел есінде дегендей Ауғаныстан соғысында қаза болғандар мен қатысқандардың Отан алдындағы жасаған ерліктері ешқашан ұмытылмайды!