Е.Н. Әуелбеков ескерткіші туралы ақпарат
Е.Н. Әуелбековтің ескерткіші 2021 жылы 12 қарашада Көкшетау қаласында, Еркін Әуелбеков көшесі бойындағы саябақта ашылды. Мүсінші – ҚР Суретшілер одағының мүшесі Т.Т. Ермеков.
Еркін Әуелбеков 1968-1978 жылдар аралығында Көкшетау облыстық Партия Комитетінің бірінші хатшысы міндетін атқарды. Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының түлегі ретінде ол Көкшетау,Торғай, Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы деңгейін көтерді.
1973 жылы Еркін Әуелбеков КСРО-ның жоғары наградасы - Социалистік Еңбек Ері атағымен марапатталды.
Еркін Нұржанұлы оң алақанын тербелген бидай масағының үстімен жүргізіп, алқаптың шетінде тұрғаны бейнеленген. Үстіне сол заманға тән плащ киген. Иықта бүгілген сол қолы қалпақты кеудесіне басып тұрса, кеуденің сол жағында алтын жұлдыз мен депутаттық белгі жарқырайды. Басы сәл оңға бұрылған, ұшы-қиыры жоқ далаға қарап тұр.
Арасы алшақ аяқта сенімді тұрған бүкіл фигурасы туған жерге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікке толы.
Мүсіннің көлемі – 4,5 метр, тастұғырдың биіктігі – 3,5 метр. Орындау материалы – қола, гранит. Ескерткіштің құрылысы Еркін Әуелбеков атындағы қордың есебінен және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен салынды.
Құрылған күні: 09.12.2021 10:18
Жаңартылған күні: 09.12.2021 10:18
Қаралым саны: 2186