«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Аңызға айналған киелі жерлер» атты жоба

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Аңызға айналған киелі жерлер» атты жоба

Орталық Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде әзірленген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Киелі география» арнайы жобасы аясында «Аңызға айналған киелі жерлер» жобасын жүзеге асыруда. Жобаны іске асыру барысында Ақмола облысының киелі нысандары туралы бейнематериалдар түсірілді. Жобаның мақсаты – ұлттық тарихи-мәдени мұраны, аймақтың киелі объектілерін алға қарай жылжыту идеяларын көпшілікке танымал ету, ересектер мен жастар арасында туған өлкенің тарихына қатысты білімдерін ілгерілету үшін түсіндіру жұмысын жүргізу.