Ағымдағы жылдың 14 қазаны күні Ақмола облыстық Әділет департаментінде «Рухани жаңғыру» Өңірлік жобалау кеңсесінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақмола облысында іске асырылу барысы туралы» атты семинар – кеңес өтті
Ағымдағы жылдың 14 қазаны күні Ақмола облыстық Әділет департаментінде «Рухани жаңғыру» Өңірлік жобалау кеңсесінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақмола облысында іске асырылу барысы туралы» атты семинар – кеңес өтті. Семинар модераторы, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Рухани Жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Марал Қажыкенқызы Жақыпова өзінің баяндамасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар мен іске асырылып жатқан жобалар барысына тоқталып өтті.
Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бас инспекторы Гүлім Амангелдіқызы Рахимжанова «Ақмола өңірінің киелі географиясы: бүгіні мен болашағы» атты баяндамасында Орталықтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.
Құрылған күні: 19.10.2020 10:53
Жаңартылған күні: 19.10.2020 10:53
Қаралым саны: 1035