Ақмола облысы объектілерінің тарихи-мәдени сараптамасы жөніндегі баспасөз мәлімдемесі
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи-мәдени маңыздылығын және сақталу деңгейін анықтау мақсатында Ақмола облысында тарихи-мәдени сараптама жүргізілуде.
Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ өңірде тарихи-мәдени сараптаманы жүргізуге мүдделі. Ақмола облысы әкімдігінің, Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен тарихи-мәдени сараптама үшін 700,0 мың теңге бөлінді.
Тарихи-мәдени сараптама объектілері болып жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер, сондай-ақ алдын ала есепте тұрғандар саналады. Түрі: қала құрылысы және сәулет, монументтік өнер құрылыстары.
Тарихи-мәдени сараптамаға жататын объектінің жалпы саны – 11. Соның ішінде 5-уі Көкшетау қаласында, 1-уі Степногорда, 1-уі Целиноград, 1-уі Бурабай, 1-уі Ерейментау, 1-уі Зеренді және 1-уі Атбасар аудандарында.
2020 жылғы 8 қыркүйектен бастап «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының мамандары зерттеу нысанының ғылыми, мәдени құндылығын белгілеу бойынша және оның белгілі бір тарихи кезеңге тиесілі екендігіне сараптама рәсімдерін жүргізіп жатыр.
Көп ұзамай аталмыш сараптаманың қорытындысы бойынша комиссия құрастыратын акт негізінде біздің облыстың 11 ескерткіші мен объектісі жаңа мәртебе алмақ.
Құрылған күні: 14.09.2020 13:58
Жаңартылған күні: 14.09.2020 13:58
Қаралым саны: 1140