«Памятники г. Кокшетау» акциясы
2017 жылы 6 ақпан күні 14-00-де Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ мен Көкшетау қаласының № 17 орта мектебімен бірлесіп мектептің өзінде «Көкшетау қаласының ескерткіштері» атты акция өткізді. Ескерткіштер- ол біздің тарихымыз, сол арқылы таңымал, белгілі адамдар туралы көп біліп, олардың елмізімдің құрылуына қажымас еңбек еткендігі турлы мағлұмат аламыз.
Мектептің 5 сынып оқушылары қаламыздың тарих және мәдениет ескерткіштері туралы айтты. Жас кезінен бастап таңымал адамдарға орнатылған ескерткіштері арқылы біледі. Бұл- ғалым, этнограф, географияны зерттеген Ш.Ш. Уәлиханов, Ұлы қолбасшы Абылай хан, Кеңес Одағының батыры М. Ғабдуллиндердің ескерткіштерін таңдаған. Оқушылар тарих пәнінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлердің өшпес ерлігі туралы айтты.
Одан әрі, Орталық мамандары облыстың тарихи-мәдени мұрасы туралы көлемді ақпарат бере отыра, Көкшетау қаласының әрбір азаматтары ескерткіштердің таза және күтіп-ұстауына, сақтауына міндеті болып саналады.
Құрылған күні: 06.01.2017 2:00
Жаңартылған күні: 13.02.2017 16:35
Қаралым саны: 2638