Протокол

Ақмола облысының   әкімі Е.Б. Маржақпаевтың 18.11.2019 жылғы   «Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар, туризм басқармалары, аудандардың, Көкшетау және Степногорск   қалаларының әкімдері   а.ж  30 желтоқсанына дейін облыс өңірлерінің киелі жерлері бойынша туристік маршруттарды әзірлесін»   хаттамалық тапсырмасының 24 пунктін орындалуы  бойынша  төмендегіше  баяндаймыз:

Бүгінгі таңда  облыстың мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының әзірлеуімен  7 туристік  бағыттар  Ерейментау, Зеренді, Қорғалжың, Бурабай , Сандықтау  және Біржан сал аудандары  киелі жерлер   обьектілері  базасында жасалды;

         1 бағыт-    « Ереймен еліндегі Бөгенбай батыр жорықтарының ізімен»  Ерейментау ауданының киелі жерлер  нысандары бойынша  «Бөгенбай батыр сөресі», «Олжабай батыр мазары», «Үмбетей жырау мазары», «Саққұлақ би мазарлары»  ұзындығы 350 шақырым .

         2 бағыт- «Абылай ханның ордасы», Зеренді және Бурабай аудандарының киелі жерлер нысандары бойынша «Кенесары үңгірі», «Уәли хан мазары», «Абылай ханның алаңы»,«Ханның қызыл ағашы».

         3 бағыт- «Зеренді –алтын бесік» Зеренді ауданның киелі жерлер нысандары бойынша «Бөгенбай би кесенесі», «Қосағалы батыр кесенесі», «Дүйсен би», «Монтай Батыр» жерленген жер, «Балқадиша кешені».

         4 бағыт-«Қасиетті Арқа төрінде» Қорғалжың ауданының киелі жерлер нысандары бойынша «Бытығай кесенесі», «Беспақыр кесенесі», «Ақ Еділ қожа », «Қаныкей», «Алыптомар».

         5 бағыт  - «Сал серілер елінде» Біржан сал және Бұланды аудандарының  Біржан сал мен Балуан Шолақ  аттарымен байланысты киелі жерлер нысандары бойынша.

          6 бағыт   « Сұлу өлке –Сандықтау»  Сандықтау ауданының экологиялық туризімін  насихаттау  мақсатында  табиғи-ландшафттар  нысандары бойынша.

          7 бағыт- «Киелі өңір шежіресі» Жақсы, Жарқайың және Есіл аудандарының Баубек батыр мовзолейі, Ахмет Қызылтамы, «Зарбап ана»  жерленген нысандар бойынша.

 Көпшілік нысандар  облыстың киелі жерлерімен   және тарихи мәдениетімен таныстырылуға  бағытталған.

Осыған орай, 2020 жылдың  I  тоқсанында Ақмола облысының туризм басқармасымен бірлесе отырып киелі жерлердің картасы және  жол көрсеткішін (аталған нысандар туралы қысқаша ақпараттар жазылады) дайындау жоспарлануда.

Ақмола облысындағы аталған бағыттар  Мемлекеттік  ұлттық табиғи паркіне   келісілуге  жіберілді.