«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен оны жүзеге асыру аясында 2019 жылғы жаңадан енгізілген киелі объектілердің тұсаукесері.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен оны жүзеге асыру аясында 2019 жылғы жаңадан енгізілген  киелі объектілердің тұсаукесері. 0 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен оны жүзеге асыру аясында 2019 жылғы жаңадан енгізілген  киелі объектілердің тұсаукесері. 1

Өткізу күні:6 желтоқсан

Өткізу уақыты: 11-00 сағ

Өткізу орны: Сәтпаев көшесі 1,

3 қабат, медиа залы

2019 жылы «Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жобасы аясында, Ақмола облысынан 3 жаңа объекті енгізілген болатын, оның ішінде «Тоғыз әулие» (Астрахан ауданы) жалпыұлттық манызды объекті болса, 2 объекті «Аңғал батырдың жерленген жері» (Біржан сал ауданы), «Қабыл батыр мазары» (Жарқайың ауданы) аймақтық маңызды киелі жерлер тізіміне енгізілді. Осы енгізген киелі жерлер біздің еліміз бен облысымыз үшін тарихи маңызға ие болып саналады.

Аталған энциклопедияны басып шығару Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» 2017 жылдың сәуір айында мақаласының шығуы мен «Рухани жанғыру» бағдарламасының қабылдануына, сондай-ақ оның негізінде «Қасиетті Қазақстан» базалық бағытының әзірленуімен тікелей байланысты.

Қазіргі таңда жалпы Ақмола облысы бойынша 11 жалпыұлттық және 35 аймақтық киелі объектілер.

Киелі география - адамның рухани дүниесінің дамуы, оның туған жеріне, мәдениеті мен тарихымен тікелей байланысты. Рухани дүниесінің дамуы адам өмірі үшін бағыт-бағдар болса, ұлы ата-бабаларымыздың ерліктері, ұлы тұлғалардың ғасырдан-ғасырға мәңгілік зиярат ететін орындарға айналуы, ұлттық мәдениеттің қайнар көзі болып табылады. Осындай киелі орындар туралы терең білім мен мағлұмат алу- өзімізді қажетті өмірлік құштарлыққа жетелеуге мүмкіндік береді. Осыған орай, Киелі географияны құру адамның рухани дүниесін дамыту ғана емес, сонымен қатар біздің тарихымыз, мәдениет пен дәстүріміздің байлығын кеңінен танымал етуге негіз болады.

Қатысушылар:

Сапанов Берік Айсаұлы – Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-нің директоры.