«Билер ескерткіштерінің тарихи маңыздылығы»
2019 жылдың 27 қарашасында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде 18-19 ғасырлардағы атақты қазақ билерінің аттарымен байланысты киелі ескерткіштер туралы дәріс оқылды. Заңгер мамандығының студенттері қазақ билерінің жеке тарихтары туралы қызықты мәліметтер алды. Сонымен қатар, Ақмола облысының киелі жерлерімен, әсіресе көшпелі түркі елі дәуірінің, тікелей қазақ және басқа да Еуразия халықтарының ұрпақтарының тарихы туралы деректермен танысты.
Ең басты маңыздылығы, студенттер облыстың тарихымен және ертедегі заңдық жүйе жөнінде танымдық білімдерінің қорын толықтырды.
Құрылған күні: 28.11.2019 9:56
Жаңартылған күні: 28.11.2019 9:56
Қаралым саны: 1451