Ақмола облыстық сотындағы дәріс

2019 жылдың 20 қарашада Орталықтың қызметкері Ғ.Н.Кожаназарова Ақмола облыстық сотында Ақмола облысының киелі обьектілері бойынша дәріс оқыды.

Іс-шараға А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері шақырылды. Көрме барысында сот қызметкерлері мен ЖОО-ның студенттері республикалық, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі өлкеміздің тарихын, оның мәдени-тарихи мұраларын, ескерткіштердің маңызын, олардың облыс көлеміндегі орындарымен танысты.

Сонымен қатар облыстың түкпір-түкпірндегі киелі орындармен танысумен қатар, тарихи орындар туралы видеороликті тамашалады. Ең бастысы студенттер облыстың тарихы мен мәдениеті туралы бай танымдық, тамаша мағлұматтар алды.