«Таза Қазақстан және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау» тақырыбында экологиялық сабақ өткізу

«Таза Қазақстан және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау» тақырыбында экологиялық сабақ өткізу

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №13 «Экос» мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау» атты экологиялық сабағын өткізді.

Табиғатты таза ұстау- туған жерді құрметтеу, тарихи-мәдени мұраны қорғау- ата-баба мұрасын сақтау,  еліміздің болашағына үлкен үлес қосамыз. Табиғатты қорғау, тарихи-мәдени мұрамызды сақтау- әр адамның азаматтық жауапкершілігі және болашақ алдында ортақ міндет болып саналады.

Сабақтың мақсаты- оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың, туған жердің тазалығын сақтаудың және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызын түсіндіре отыра, вандализмді болдырмау үшін өскелең ұрпақты тәрбиелеу, экологиялық мәдениет пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру болып саналады.