2019 жылдың Ақмола облысының киелі орындары
Ақмола облысының киелі орындары жыл сайын толықтырылып отырады. Осы жылы киелі объектілер картасына Ақмола облысынан жалпыұлттық маңызды 1 объекті-«Тоғыз әулие» (Астрахан ауданы) және аймақтық маңызды 2 объекті «Аңғал батырдың жерленген жері» (Біржан сал ауданы), «Қабыл батыр мазары» (Жаркайың ауданы) енгізілді. Олардың барлығы тарихи маңыздылығымен ерекшеленеді.
Еліміздегі барлық қасиетті нысандар тобына жататын әулие феноменімен байланыстыруға болатын орындар бар. Бұндай қасиетті орындар орта ғасырлардағы, сонымен бірге XIX аяғы - XX ғасырдың басына дейінгі тарихи тұлғаларды қамтиды.
Біржан сал ауданында жерленген Аңғал батыр барлық жаугершілік кезеңдерде батырлық пен ерліктің үлгісі ретінде көрінді. Сонымен қатар, Қабыл батыр- Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы тұсында өмір сүрген, Сайыс руынан шыққан Қабыл батыр Жарқайың ауданында жерленген.
Ақмола облысы бойынша барлығы 11 жалпыұлттық және 35 аймақтық киелі объектілер бар болып келеді.
Құрылған күні: 08.11.2019 9:39
Жаңартылған күні: 08.11.2019 10:19
Қаралым саны: 4103