Қаракерей Қабанбай батырдың 335 жылдығына арналған «Дарабоз батыр - Қабанбай» атты тарих сабағы

Қаракерей Қабанбай батырдың 335 жылдығына арналған «Дарабоз батыр - Қабанбай» атты тарих сабағы

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясында  «Дарабоз батыр - Қабанбай» атты тарих сабағын өткізді.

Қаракерей Қабанбай батыр- XVII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде танылған әйгілі қолбашыларының бірі. Ел қорғау жолында ерлігімен, әскери ұйымдастырушылық қабілетімен қол бастаған батырлығымен ел есінде сақталды. Халық арасында оның ерлігі туралы көптеген аңыз-әңгімелерде айтылып, «Дарабоз» атауымен ерекше батырлығын, қолбасшылық беделін бейнелеген.

Мақсаты- Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі мен ерлік жолы туралы тарихи білімді қалыптастыра отыра, оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке, ел бірлігі мен ұлттық тарихты құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады.