«Дударай» әнінің шығу тарихы» тарих сабағы
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Дударай» әнінің шығу тарихы» тақырыбында тарих сабағын өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар қазақтың танымал халық әндерінің бірі – «Дударай» әнінің шығу тарихымен танысып, халық арасында Мәриям Жағорқызы есімімен танылған Мария Рекинаның тағдыры, оның қазақ мәдениетімен және ән өнерімен байланысы туралы ақпарат алды.
Әсіресе, Мария мен қазақ жігіті Дүйсеннің арасындағы махаббат туралы халық аңызына ерекше назар аударылды. Аталған оқиға әйгілі әннің тарихымен тығыз байланысты екені айтылды. Қатысушыларға шығарманың мәдени маңызы, халық арасында кеңінен таралуы және қазақ пен орыс халықтары арасындағы достықты нығайтудағы рөлі туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар оқушылар М. Рекинаның жерленген жерімен таныса отыра, аталмыш орын Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихы мен мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған әйел есімімен байланысты осы тарихи орынды ескерткіш ретінде сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Осындай танымдық іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың тарихи танымын кеңейтуге, туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыруға және тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау қажеттілігі туралы оқушылардың хабардарлығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Құрылған күні: 02.11.2026 22:20
Жаңартылған күні: 02.11.2026 22:20
Қаралым саны: 15









