Қазақстан Республикасы күніне арналған «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» көрме өткізілді
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы аясында Қазақстан Республикасы күніне орай, «Аты аңызға айналған ескерткіштер» атты көрме Көкшетау қаласының №11мектеп-гимназиясының оқушыларына өткізді.
Бұл көрме оқушылар үшін маңызды іс-шара болды, аталмыш шара арқылы Ақмола облысының тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінуге көмектесті. Оларды қасиетті кесенелер мен бұлақтар сияқты тарихи ескерткіштермен таныстырып қана қоймай, мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар отансүйгіштік пен туған өлкесіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуде шешуші рөл атқарады. Өз тарихыңызды білу және дәстүрлерді құрметтеу болашақ ұрпақ алдында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Құрылған күні: 22.10.2026 22:00
Жаңартылған күні: 22.10.2026 22:00
Қаралым саны: 54









