«Таза Қазақстан» бастамасы және «Бабалар ескерткіштері – ұрпақтарға аманат» жобасы аясында «Тарихи мұра және экологиялық мәдениет» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы мен «Бабалар ескерткіштері – ұрпақтарға аманат» жобасы аясында «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ жыл сайын киелі нысандардың аумағын тазарту, абаттандыру және қоршаған ортаны күтіп-ұстауға бағытталған экологиялық акциялар ұйымдастырады.
Осы бағыттағы жұмыстар шеңберінде Көкшетау қаласындағы «Науан Хазірет кесенесі» киелі нысанында «Тарихи мұра және экологиялық мәдениет» атты экологиялық акция өткізілді. Іс-шараға Көкшетау қаласының «Қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, олардың аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар іс-шара туған өлкенің тарихына деген құрметті арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім мен тарихи мұраға деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды.
Тарихи-мәдени және киелі нысандарды сақтау – өткенімізді құрметтеп, рухани құндылықтарымызды келер ұрпаққа аманат етудің маңызды жолы. Мұндай экологиялық акциялар мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен оның тарихи мұрасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Құрылған күні: 15.10.2026 16:48
Жаңартылған күні: 15.10.2026 16:48
Қаралым саны: 74









