«Ескерткіштер - ғасырлар куәсі»
2019 жылдың 10 қазанында облыстық «Дарын »мектеп –интернатында орталықтың қызметкері Кожаназарова Ғ.Н Ақмола облысының киелі жерлері атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Іс-шараға мектептің 7-9 сынып оқушылыры мен ұстаздары шақырылды. Көрменнің барысында оқушылар біздің өлкеміздің мәдени-тарихы мұраларының тарихымен, ескерткіштердің , олардың облыстық, республикалық, тіпті халықаралық арена көлемі деңгейіндегі алатын орындарының маңыздылығы туралы мәліметтермен танысты.
Сонымен қатар облыстың түкпір-түкпірндегі , әсіресе ертедегі көшпелі –түрік дәуіріне жататын Евразияның басқа да халықтарымен қатар қазақтардың нақты ата-бабаларының киелі жерлерімен танысты. Ең басты маңыздылығы оқушылар облыстың тарихы мен мәдениеті туралы бай танымдық, тамаша мағлұматтар алды.
Құрылған күні: 11.10.2019 9:38
Жаңартылған күні: 11.10.2019 9:38
Қаралым саны: 1516