«Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүр» қазақстан халқының тілдері күніне орай акция
Көкшетау қаласында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүр» атты акция ұйымдастырылды.
Ана тілі – әр халықтың рухани байлығы мен ұлттық болмысының негізі. Ал ата дәстүр – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұра. Тілді құрметтеу, салт-дәстүрді сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ел болашағы үшін маңызды.
Акция барысында қатысушылар ана тілінің маңызы, ұлттық мәдениет пен дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы ой бөлісті. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілге және Қазақстан халқының барлық тілдеріне деген құрметті арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жас ұрпақты рухани мұраны сақтауға тәрбиелеу.
Құрылған күні: 15.09.2026 19:47
Жаңартылған күні: 15.09.2026 19:47
Қаралым саны: 63









