Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде «Абай – дана, Абай – дара тұлға» тарих сабағы өтті
Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы мен бай рухани мұрасына арналған «Абай – дана, Абай – дара тұлға»тақырыбында тарих сабағы ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысып, оның өлеңдері мен «Қара сөздерінің» мазмұны, идеялық бағыты туралы мәлімет алды. Сонымен қатар ақын шығармаларының тәрбиелік мәні мен қазақ халқының рухани-мәдени мұрасындағы ерекше рөліне назар аударылды.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында Абай мұрасын насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Құрылған күні: 10.08.2026 17:13
Жаңартылған күні: 10.08.2026 17:13
Қаралым саны: 41









