Бүгін – Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, даңқты әскери ұшқыш, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің туған күні
Талғат Бигелдинов – қазақ халқының даңқын әлемге танытқан, ерлігі мен қайсарлығы тарихта мәңгі сақталған бірегей тұлға. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол әскери авиация құрамында жаумен шайқасып, ерекше батылдық пен жоғары кәсіби шеберлік танытты. Шабуылдаушы авиацияның тәжірибелі ұшқышы ретінде жүздеген жауынгерлік тапсырманы орындап, Отан қорғау жолында теңдессіз ерлік көрсетті.
Көкшетау қаласының Абай және Момышұлы көшелерінің қиылысында Даңқ аллеясының кіреберісінде Ұлы Жеңістің 55 жылдығына арнап 2000 жылдың 9 мамырында Талғат Бигелдиновқа арналған бюст орнатылды. Авторлары: мүсінші Тлеу Бинашев, сәулетші Ш.Е. Уәлиханов. Тұғыры мен стилобаты граниттен, бюст қоладан жасалған. Бюстің биіктігі 1,2 м, тұғыры 3,2 м.
Қазақ халқының мақтанышы, аты аңызға айналған батырдың есімі ел жадында мәңгі сақталады.
Ерлік – ұрпаққа аманат
Құрылған күні: 05.08.2026 16:03
Жаңартылған күні: 05.08.2026 16:03
Қаралым саны: 60









