Ұлттық домбыра, Ж. Жабаевтың 180 жылдығы мен Д. Нұрпейсованың 165 жылдығына арналған «Ұлт мұрасы- домбыра» атты акция өтті

Ұлттық домбыра, Ж. Жабаевтың 180 жылдығы мен Д. Нұрпейсованың 165 жылдығына арналған «Ұлт мұрасы- домбыра» атты акция өтті 0 Ұлттық домбыра, Ж. Жабаевтың 180 жылдығы мен Д. Нұрпейсованың 165 жылдығына арналған «Ұлт мұрасы- домбыра» атты акция өтті 1

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Ұлттық домбыра, қазақтың ұлы ақыны Ж. Жабаевтың 180 жылдығы мен қазақ халқының ұлы күйші-домбырашысы Д. Нұрпейсованың 165 жылдығына орай,  «Дамбыра» шағын архитектуралық нысанда «Ұлт мұрасы- домбыра» акциясы өтті. Іс-шараға Көкшетау қ. «Арна» жоғарғы колледжінің студенттері қатысты.

 Аталмыш акцияда домбыраның тарихы, Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасы, сондай-ақ танымал күйлерінің тарихы мен маңызы туралы ақпарат берілді.

Іс-шараның мақсаты- жастардың ұлттық музыкалық мұраға деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, домбыра өнерін насихаттау және мәдени құндылықтарды сақтау болып саналады.

 

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!