Астана күніне арналған «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!» акциясы өтті

Астана күніне арналған «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!» акциясы өтті 0 Астана күніне арналған «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!» акциясы өтті 1

Астана күніне арналған «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!» акциясы «Тәуелсіздік» стеласы алдында Көкшетау қ. «Арна» жоғарғы колледжінің студенттерінің қатысуымен өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар қала орталығында орналасқан «Тәуелсіздік» стеласының тарихымен танысты. Стелла 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап орнатылған. Оның биіктігі 20 метр, елдің тәуелсіз дамуының 20 жылдығын білдіреді. Композицияның орталық элементі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы. Стеланы авторы- суретші И. Гайденко.

Іс-шараның мақсаты - жастар арасында патриотизм сезімін қалыптастыру, тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен жетістіктеріне құрметпен қарау, ел астанасы Астанаға деген мақтаныш сезімін ояту және тарихи білімді кеңейту.