Көкшетау қ. №2 мектеп-лицейінің жазғы сауықтыру алаңында «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты дәріс өтті
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінің жазғы сауықтыру алаңында 1-4 сынып оқушыларына «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты дәріс өткізді.
Өлкеміздің тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен киелі жерлері туралы материалдар көрсетіліп, туған өлке туралы білімді толықтыруға, құнды және қызықты мәліметтерді білуге мүмкіндік берді.
Сабақтың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, тарих пен рухани-мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады.
Құрылған күні: 15.06.2026 18:58
Жаңартылған күні: 15.06.2026 18:58
Қаралым саны: 81




