Көкшетау қ. №2 мектеп-лицейінде «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрме өткізілді

Көкшетау қ. №2 мектеп-лицейінде «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрме өткізілді 0 Көкшетау қ. №2 мектеп-лицейінде «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрме өткізілді 1 Көкшетау қ. №2 мектеп-лицейінде «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрме өткізілді 2

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі «Аңызға айналған киелі ескерткіштер» жобасы аясында «Ақмола облысының киелі жерлері» атты көрмені  №2 мектеп-лицейінің жазғы сауықтыру лагерінің 1-4 сынып оқушыларына  өткізді.

Аталмыш көрме оқушылар үшін маңызды және іс-шара арқылы Ақмола облысының тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінуге көмектесті. Оқушылар аймақтың қасиетті және тарихи ескерткіштерімен танысып, халықтың мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын сақтаудың маңыздылығы туралы білді.

Мұндай іс-шаралар отансүйгіштік пен туған жерге деген сүйіспеншілікті және ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге мүмкіндік туғызады, болашақ ұрпақ үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін оятады.