Көкшетау қ. №2 мектеп-лицейінің жазғы сауықтыру алаңында «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштері» атты дәріс өтті
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінің жазғы сауықтыру алаңында 1-4 сынып оқушыларына «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштері» атты дәріс өткізді.
Көкшетау қаласының тарихи- мәдени мұра ескерткіштері туралы слайдтар мен бейнематериалдар көрсетіліп, туған өлке туралы білімді толықтыруға, құнды және қызықты мәліметтерді білуге мүмкіндік берді.
Сабақтың мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, тарих пен рухани-мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады.
Құрылған күні: 08.06.2026 15:04
Жаңартылған күні: 08.06.2026 15:04
Қаралым саны: 29




