Астрахан ауданында тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеру жүргізді
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ 2026 жылдың мамырында Астрахан ауданында тарихи-мәдени мұраны сақтау саласын реттейтін бірқатар заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтау бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне техникалық тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қанағаттанарлық жағдайда екені және ауданның киелі обьектілеріне ұқыпты қаралатыны байқалады.
Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. Асқаровқа, Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы К. Амринаға, Новый Колутон ауылының әкімі Н. Қияқовқа ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге көрсеткен көмегі мен қолдауына және белсенді қатысқаны үшін ерекше алғыс білдіреміз.
Сонымен қатар әкімдерге, ауылдық округтері мен ауыл мамандарына, Астрахан ауданының тұрғындарына алғыс білдіреміз.
Құрылған күні: 28.05.2026 16:28
Жаңартылған күні: 28.05.2026 16:28
Қаралым саны: 84




