Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» атты патриоттық акция өтті

Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» атты патриоттық акция өтті 0

2026 жылдың 5 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне орай, Көкшетау қаласының М. Ғабдуллин ескерткіші мен Т. Бигелдинов бюст жанында «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» атты патриоттық акция өтті.

Акцияға Көкшетау қ. «Арна» жоғарғы колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шара қатысушыларына Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин мен Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың өмірі мен қызметі, ұлы жерлестеріміздің құрметіне орнатылған ескерткіштер туралы мәліметтер берілді.

Акцияның мақсаты- Отанға деген сүйіспеншілікке, азаматтыққа, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттеріне, өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу, жастардың назарын туған өлке тарихына аудару болып саналады.