Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында А. Мырзахметов атындағы КУ базасында «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері суретшінің жұмыстарында арт кеші» атты кездесу
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті базасында «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері суретшінің жұмыстарында» атты арт-кеші өтті. Іс-шараға Ақмола облысының Суретшілер одағының төрағасы, Қазақстанның мәдениет саласының құрметті қайраткеріжәне ҚР білім саласының құрметті қызметкері – Юрий Григорьевич Попов қатысты.
Ю.Г. Попов тек суретші ғана емес, сонымен қатар мүсінші ретінде де танымал. Ол Ақмола облысында бірнеше монументтік өнер ескерткіштерінің авторы болып табылады, олардың қатарында Зеренді ауылындағы М. Ғабдуллинге арналған ескерткіш, Зеренді ауданындағы «Балқадиша» композициясы, Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлихановтың бюсті.
Іс-шараға Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері қатысты. Қатысушылар үшін Ю.Г. Поповтың жеке көрмесі ұйымдастырылып, аймақтың тарихи және мәдени мұрасын көркем түрінде көрсету мүмкіндігі берілді. Іс-шараның мақсаттары: жастардың тарихи-мәдени мұраны сақтауға деген назарын арттыру; көркем сурет және монументтік мүсін өнеріне қызығушылықты дамыту;
патриотизмді қалыптастыру және ұлттық дәстүрлер мен қаһармандарға құрметті тәрбиелеу; кәсіби суретшілер мен студенттер арасындағы шығармашылық диалогты ұйымдастыру; Ақмола облысының мәдени мұрасын көркем шығармашылық арқылы насихаттау.
Іс-шара білім алмасу, шабыттандыру және аймақ тарихы, мәдениеті мен өнерімен байланысты құндылықтарды қалыптастыру үшін маңызды алаңға айналды.
Құрылған күні: 11.04.2026 10:16
Жаңартылған күні: 11.04.2026 10:16
Қаралым саны: 17




