«Ескерткіштер–өткен тарихтың айнасы»
2019 жылдың 15 тамызында Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМТЖК Көкшетау техникалық институтының курсанттарына қаламызда ұйымдастырылған «Ұлы тұлғалар ескерткіштері сыр шертеді» жобасы аясында «Ескерткіштер –өткен тарихтың айнасы» атты тағылымдық экскурсиясының
баспасөз-хабарламасы
Өткізілетін орындар: Абылайхан, М.Ғабдуллин, Т.Бигельдинов, Мәңгілік алау, Біржан сал, Ақан сері ескерткіштері бағыты бойынша.
Қатысушылар: Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМТЖК Көкшетау техникалық институтының курсанттары.
Жауаптылар: Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі.
Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру», бағдарламасы аясында, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлтымыздың тарихы, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап қана қоймай, бүгінгі таңда оны қайта жаңғыртып, тарихи –мәдени мұралардың маңыздылығын арттырып, оларды сақтау мен қорғауды өскелең ұрпақ санасын сіңіру.Қаладағы - Ұлы тұлғалар ескерткішінің салыну тарихының мақсаты ,мәнімен оны қорғау және тарихын тереңнен насихаттау. Қазақ халқының тарихындағы дара тұлғалардың қадір-қасиетін, қаламыздағы ескерткіштерінің маңызы мен мазмұндылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру, отаншыл, ұлттық рухтағы жастарды тәрбиелеу.
Құрылған күні: 20.08.2019 15:17
Жаңартылған күні: 20.08.2019 15:17
Қаралым саны: 1748