Наурыз мейрамын мерекелеу және Қайырымдылық күні аясында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-нің қызметкерлері «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты қайырымдылық акциясын өткізді
Наурыз мейрамын мерекелеу және Қайырымдылық күні аясында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-ніңқызметкерлері «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Іс-шара «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы қалалық кітапхана» КММ-де өтті. Акцияның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға көңіл бөліп, қамқорлық таныту, сондай-ақ көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз қарсаңында оларға жылулық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Кездесу барысында акция қатысушылары кітапхана оқырмандарына сыйлықтар табыстап, олармен әңгімелесіп, зор денсаулық, амандық және шығармашылық шабыт тіледі. Осындай игі шаралар мейірімділік, өзара көмек және адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын айқындай түседі. Бұл – Наурыз мейрамының рухымен үндес асыл қасиеттер.
Ізгі істер адамдарды біріктіріп, айналамызды жылулыққа, қамқорлыққа және шынайы күлкіге толы болсын!
Құрылған күні: 16.03.2026 15:28
Жаңартылған күні: 16.03.2026 15:28
Қаралым саны: 22




