2026 жылдың 27 ақпанында Алғыс айту күніне орай Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ «Ізгіліктің бір ізі – алғыс айту» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға Көкшетау қаласының «Құрылыс-технологиялық колледжі» МКҚК студенттері қатысты
Кездесу аясында қатысушылар Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне барып, құтқарушылардың күнделікті қызметімен, материалдық-техникалық базасымен және арнайы техникаларымен танысты. Мамандар төтенше жағдайлардың алдын алу, жою жұмыстары және азаматтық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат берді.
Шара барысында Орталық атынан және колледж студенттері атынан Департамент мамандарына шынайы алғыс сөздер айтылып, олардың жанқиярлық еңбегі мен жоғары кәсібилігі ерекше атап өтілді.
Осындай кездесулер жастардың патриоттық сезімін нығайтып, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандықтарға деген құрметін арттыра түседі.
Құрылған күні: 27.02.2026 17:53
Жаңартылған күні: 27.02.2026 17:53
Қаралым саны: 26




