«Конституциялық реформа 2026: Ұлттық Құрылтай бастамалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 17ақпанда Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ қызметкерлері, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Конституциялық реформа 2026: Ұлттық Құрылтай бастамалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – конституциялық реформалардың мазмұнын талқылау, Ұлттық Құрылтай аясында көтерілген бастамалардың маңызын түсіндіру және жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуын арттыру.
Дөңгелек үстел жұмысына Абай Мырзахметов атындағы КУ тәрбие және кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі проректор С.Р. Абилдаханова, халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі А.И. Свинарчук, аталған кафедраның оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Д.К. Кенжебек, Ақмола облысы маслихатының төрағасы Б.А.Жусупов, «Ақмола билер алқасы» ҚБ төрағасы, журналист Д.Ш. Жәмші, Шоқан Уәлиханов атындағы КУ Құқық кафедрасының сеньор-лекторы Е.Н. Мырзаханов және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері қатысты.
«Тарих және қоғамтану» мамандығының 2 курс студенттері Мейрамбек Оразали мен Сейдуалы Аружан реформаларды жүзеге асырудағы жастардың рөлі мен азаматтық ұстанымның маңыздылығы туралы баяндамалар жасады.
Іс-шара барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, жастардың саяси мәдениетін қалыптастыру, Ұлттық Құрылтай бастамаларының қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті нығайтудағы рөлі талқыланды.
Дөңгелек үстел ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
Құрылған күні: 17.02.2026 17:28
Жаңартылған күні: 17.02.2026 17:28
Қаралым саны: 32




