Ақмола облысында Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Ақмола облысында Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Жиында Қазақстан Республикасындағы 2026 жылғы Конституциялық реформа және жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды.

Комиссия мүшелері ұсынылып отырған өзгерістерге тарихи сабақтастық пен құқықтық даму тұрғысынан баға беріп, ұлттық құндылықтарды сақтау, Конституцияның ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі, сондай-ақ дәстүр мен заманауи үрдістердің, соның ішінде цифрландыру мен адами капиталды дамытудың өзара үйлесіміне назар аударды.

Қатысушылар жаңа Негізгі заң жобасының мемлекеттің адамға бағдарланған бағытын күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды арттыруға, әділеттілік пен заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Отырыс спикері – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі Сейтқасымов А.А.Конституциялық реформалардың ел мемлекеттілігінің дамуындағы маңызы мен болашақ ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

Жиын қорытындысында жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау мен алдағы референдум елдің болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды кезең екені атап өтілді.