Көкшетау қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағы өтті
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №9 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Ақмола облысының ескерткіштері туралы мәліметтер ұсынылды. Сабақтың негізгі мақсаты - оқушыларды туған өлкенің бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік және Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ жастардың өз халқының дәстүрлері мен құндылықтарымен байланысын нығайту болып саналады.
Құрылған күні: 16.01.2026 12:07
Жаңартылған күні: 16.01.2026 12:07
Қаралым саны: 12




