Қазақ халқының көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің туған күніне орай, «Қазақты әлемге танытқан қаламгер» атты танымды сабақ Көкшетау қаласының №9 мектебінде өтті
Көкшетау қаласының №9 мектебінде қазақ халқының көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлинніңтуған күніне орай «Қазақты әлемге танытқан қаламгер» танымды сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан және бүкіл әлемде қазақ халқының тарихы мен мәдениетін дәріптеген жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы білді. Оның ұлт тағдырын, ұлттық құндылықтарды және Қазақстанның тарихи өткенін бейнелейтін әйгілі шығармаларына ерекше назар аударылды.
Бұл іс-шара мектеп оқушыларының арасында кітап оқуға деген қызығушылықты, ұлттың тарихына құрметпен қарау және қазақ мәдениетінің ұлы өкілдеріне мақтаныш сезімін қалыптастыруға көмектесті.Құрылған күні: 12.01.2026 21:44
Жаңартылған күні: 12.01.2026 21:44
Қаралым саны: 24




