Көкшетау қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағы өтті

Көкшетау қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағы өтті

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінің 6,7 сынып оқушыларына «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Ақмола облысының ескерткіштері туралы мәліметтер ұсынылды. Сабақтың негізгі мақсаты - оқушыларды туған өлкенің бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік және Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ жастардың өз халқының дәстүрлері мен құндылықтарымен байланысын нығайту болып саналады.