Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Көкшетау қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты сабақ өткізілді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Көкшетау қаласының №8 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты сабақ өткізілді.
Мемлекеттік мереке қарсаңында өткізілген бұл сабақ Ақмола облысының тарихи және мәдени мұрасының ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. Сабақ барысында оқушылар аймақтың тарихи-мәдени мұралары, сәулет құрылыстары, мүсіндері мен бюсттері, сондай-ақ аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан оқиғалар мен тұлғалар туралы мәлімет алды.
Аталмыш тарих сабағы туған жер тарихына қызығушылықты дамытуға, мәдени құндылықтар туралы білімді кеңейтуге және азаматтық-патриоттық тәрбиені нығайтуға ықпал етеді.
Құрылған күні: 15.12.2025 20:21
Жаңартылған күні: 15.12.2025 20:21
Қаралым саны: 62




