Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай, «Шоқан Уәлиханов – ғылым мен руханияттың шамшырағы» атты акция өтті
2025 жылғы 28 қарашада Көкшетауда көрнекті қазақ ғалымы, этнограф, тарихшы, ағартушы және қоғам қайраткері Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай "Шоқан Уәлиханов – ғылым мен руханияттың шамшырағы" атты естелік акция өтті. Іс - шара 1971 жылы М. Әуезов-М. Сағдиева көшелерінің қиылысында орнатылған, мүсінші Т. С. Досмағамбетов пен сәулетші К. А. Әбдіков жасаған Шоқан Уәлиханов ескерткіші-Республикалық маңызы бар ескерткіштің жанында өтті және "Шоқан жолдары" ҚБ өкілдерімен кездесу-кеші әдебиет және өнер музейінің алаңында өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ғалым мен ағартушыға құрмет көрсету, оның ғылыми және рухани мұрасын насихаттау, сондай-ақ жастардың елдің тарихи және мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру болып саналады.
Іс-шараға қатысушылар – мемлекеттік органдар, ғылыми және білім беру қауымдастығының өкілдері, қоғам қайраткерлері, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері ұлы ғалымның рухына тағзым етіп, оның ғылыми және рухани мұрасының маңыздылығын атап өтті.
Құрылған күні: 29.11.2025 20:30
Жаңартылған күні: 05.12.2025 16:52
Қаралым саны: 147




