Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай, «Шоқан Уәлиханов – ғылым мен руханияттың шамшырағы» атты акция өтті

Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай, «Шоқан Уәлиханов – ғылым мен руханияттың шамшырағы» атты акция өтті 0 Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай, «Шоқан Уәлиханов – ғылым мен руханияттың шамшырағы» атты акция өтті 1

2025 жылғы 28 қарашадаКөкшетауда көрнекті қазақғалымы, этнограф, тарихшы,ағартушы және қоғамқайраткері Шоқан Уәлихановтың туғанына 190жыл толуына орай "Шоқан Уәлиханов– ғылыммен руханияттыңшамшырағы" атты естелік акцияөтті. Іс - шара 1971жылы М. Әуезов-М. Сағдиева көшелерінің қиылысындаорнатылған, мүсінші Т. С. Досмағамбетов пен сәулетшіК. А.Әбдіков жасаған ШоқанУәлиханов ескерткіші-Республикалық маңызы барескерткіштің жанында өтті және "Шоқанжолдары" ҚБ өкілдерімен кездесу-кеші әдебиет және өнер музейініңалаңында өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ғалым мен ағартушыға құрмет көрсету, оның ғылыми және рухани мұрасын насихаттау, сондай-ақ жастардың елдің тарихи және мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру болып саналады.

Іс-шараға қатысушылар – мемлекеттік органдар, ғылыми және білім беру қауымдастығының өкілдері, қоғам қайраткерлері, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері ұлы ғалымның рухына тағзым етіп, оның ғылыми және рухани мұрасының маңыздылығын атап өтті.