«Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының Станционный к. №7 орта мектебінде өтті

«Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының Станционный к. №7 орта мектебінде өтті

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі  Көкшетау қаласының Станционный к. №7 «орта мектебінің 7 сынып оқушыларына «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы»  атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Ақмола облысының ескерткіштері туралы мәліметтер ұсынылды. Сабақтың негізгі мақсаты - оқушыларды туған өлкенің бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік және Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ жастардың өз халқының дәстүрлері мен құндылықтарымен байланысын нығайту болып саналады.