«Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағы Көкшетау қаласының Станционный к. №7 орта мектебінде өтті
Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-сі Көкшетау қаласының Станционный к. №7 орта мектебінің 6 сынып оқушыларына «Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасы» атты тарих сабағын өткізді. Сабақ барысында Ақмола облысының ескерткіштері туралы мәліметтер ұсынылды. Сабақтың негізгі мақсаты - оқушыларды туған өлкенің бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік және Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ жастардың өз халқының дәстүрлері мен құндылықтарымен байланысын нығайту болып саналады.
Құрылған күні: 18.11.2025 16:58
Жаңартылған күні: 18.11.2025 16:58
Қаралым саны: 49




